Бокс
Бүгін 11:01

Қазақстандық боксшы қыз бірде-бір жекпе-жексіз финалға шықты

©

Валерия Аксенова World Boxing ұйымдастырып жатқан Бразилиядағы Әлем кубогының финалына шықты. Бір қызығы, отандасымыз бірде-бір жекпе-жек өткізбей жүлдеге ілініп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыс бүгін Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында басталды. Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы Валерия Аксенова (80 келіден жоғары салмақ дәрежесі) бірден финалға жолдама алды. Ол алтын жүлде үшін венгриялық София Сирамен жұдырықтасады.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық спортшы Жібек Жарасқызы жарысты жартылай финалдан бастайды. Финал жолдамасы үшін ол польшалық Эмилия Котерскаямен кездеседі.

Осылайша Қазақстан құрамасы кемінде екі жүлдені (күміс пен қола) қоржынға салып отыр.

Бокс бойынша Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан бұл турнирге 16 боксшы жіберді.

Боксшыларымыздың алғашқы қарсыластары жайлы осы сілтеме арқылы біле аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport