Жарнама

Бокс
Бүгін 10:21
 

Боксшыларымыздың Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластары анықталды

  Пікірлер

blog.share

Боксшыларымыздың Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластары анықталды ©Olympic.kz

Бокстан 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында Әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді. Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокстан 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында Әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді. Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Бұл рекордтық көрсеткіш болып тіркеліп отыр. Еліміздің атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогының кезеңін ұйымдастыруға мүмкіндік алды. 2025 жылы жерлестеріміз 3 алтын, 3 қола жүлде иеленген еді. Олардың арасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00-де және кешкі сессия 01:00-де басталады.

Ерлер

50 келі. 13 қатысушы
1/8 финал
Даниал Сабит – Иштван Шзака (Венгрия)

55 келі. 27 боксшы
1/16 финал
Бағлан Кенжебек – Жирайр Саргсиян (Армения)

60 келі. 27 боксшы
1/16 финал
Жансері Көшербаев – Джуд Галлахер (Ирландия

65 келі. 30 боксшы
1/16 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Хассен Атиа (Тунис)

70 келі. 29 боксшы
1/16 финал
Фарух Тоқтасынов – Джон МакКоннел (Ирландия)
1/8 финалда әлем чемпионы Севон Оказавамен жолығуы мүмкін.

75 келі. 9 боксшы
1/4 финал
Санжарали Бегалиев – Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан, әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері)

80 келі. 23 боксшы
1/16 финал
Диас Молжігітов – Кай Ториабе (Жапония)

85 келі. 7 боксшы
1/4 финал
Сұлтан Айбарұлы – Паоло Карусо (Италия)

90 келі. 16 боксшы
1/8 финал
Дәулет Төлемісов – Фильо Исайас (Бразилия, Ливерпульдегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

Әйелдер

51 келі. 23 қатысушы
Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Михаела Бадеску - Златислава Чуканова (Болгария) жұбының жеңімпазымен жолығады.

54 келі. 20 қатысушы
1/16 финал
Назым Қызайбай – Айсен Таскин (Түркия)

60 келі. 18 қатысушы
1/8 финал
Виктория Графеева – Емили Рзаева (Әзербайжан)

65 келі. 22 қатысушы
Аида Әбікеева 1/8 финалда Виктория Жилкова (Чехия) - Мезморизе Андерсон жұбының жеңімпазымен жолығады.

70 келі. 17 қатысушы
Наталья Богданова 1/8 финалда Бусеназ Сюрменели (Түркия, Токио Олимпидасының чемпионы) - Чиара Сарайелло (Италия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.

80 келі. 3 қатысушы
1/2 финал
Жібек Жарасқызы – Емилиа Котерска (Польша, U23 Еуропа чемпионы)

+80 келі. 2 қатысушы
Финал
Валерия Аксенова – София Шира (Венгрия)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!