Бокс
Бүгін 00:18

Қазақстандық боксшы әлем чемпионын жеңіп, сенсация жасады (видео)

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

1/8 финалда отандасымыз жапон боксшысы Сэвон Окадзавамен жұдырықтасты. Шаршы алаңдағы тартысты жекпе-жекте Фарух 3:2 есебімен басым болып шықты. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Айта кетейік, Окадзава – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2025 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Фарух 1/16 финалда ирландиялық Джон Макконнеллмен кездесіп, оны да жарыс жолынан шығарған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport