Жарнама

Бокс
Бүгін 10:12
 

Қазақстандық боксшы әлем чемпионымен жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы әлем чемпионымен жұдырықтасады ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Фарух Токтасынов 2026 жылғы Әлем кубогын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Фарух Токтасынов 2026 жылғы Әлем кубогын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Токтасынов Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына шықты. Бұл кезеңде ол ирландиялық Джон Макконнеллмен кездесіп, үш раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірсе, кейінгі раундтарда өзі де нокдаун алды.

Енді 1/8 финалда Фарух Токтасынов жапониялық Сэвон Окадзавамен жұдырықтасады. Ол 2021 жылғы әлем чемпионы, 2025 жылғы әлем чемпионатының финалисі, 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Токтасынов пен Окадзава арасындағы жекпе-жек 22 сәуірге жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!