Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымының қолдауымен 2026 жылғы бокстан Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын құрамын анықтады. Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан атынан кім қатысады?Ұлттық құрама сапына 11 боксшы енді: алты ер және бес бұрымды спортшы.
Ерлер:
50 келі – Даниял Сәбит;
70 келі – Фарух Тоқтасынов;
75 келі – Аман Қонысбеков;
80 келі – Диас Молжігітов;
85 келі – Сұлтанбек Айбарұлы;
90 келі – Дәулет Төлемісов.
Бұрымдылар:
57 келі – Карина Ибрагимова;
70 келі – Бақыт Сейдеш;
75 келі – Шұғыла Налибай;
80 келі – Валерия Аксенова;
80 келіден жоғары – Дина Исламбекова.
Жарысқа 31 елден барлығы 142 боксшы қатысады. Спортшылар халықаралық World Boxing ұйымының шақыруын алған.
Алғашқы жекпе-жектер 28 қарашада өтеді, ал финалдық кездесулер 3 желтоқсанға жоспарланған.
Бұған дейін Өзбекстан Әлем кубогына қатысатын құрамын жариялаған болатын.