2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстаннан 16 боксшы қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс 2026 жылдың 20-26 сәуірі аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді. Турнирге 50-ден астам елден шамамен 400 боксшы қатысады. Қазақстан құрамасынан жарысқа Нұржан Насанов жетекшілік ететін ерлер құрамасының тоғыз және Елдос Сайдалин баптайтын әйелдер командасының жеті боксшысы барады.
Өзбекстан бокстан Әлем кубогі кезеңіне қатысатын құрамын жариялады
Бразилия өз тарихында Әлем кубогы кезеңін екінші рет қабылдамақ. 2025 жылы қазақстандық боксшылар үш алтын және үш қола жеңіп алған еді. Сол кезде чемпион атанғандар: Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг), Дәулет Төлемісов (85 кг) және Жазира Орақбаева (51 кг).
Қазақстан құрамасының құрамы:
Ерлер:
50 кг — Даниял Сабит (дебют)
55 кг — Бағлан Кенжебек (дебют)
60 кг — Жансері Көшербаев (дебют)
65 кг — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (дебют)
70 кг — Фарух Тоқтасынов (дебют)
75 кг — Санжарәлі Бегалиев
80 кг — Диас Молжігітов (Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері)
85 кг — Сұлтан Айбарұлы (Үндістандағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы)
90 кг — Дәулет Төлемісов (Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы)
Әйелдер:
51 кг — Алуа Балқыбекова (Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері)
54 кг — Назым Қызайбай (Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы)
60 кг — Виктория Графеева (Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы)
65 кг — Аида Әбікеева (Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері)
70 кг — Наталья Богданова (Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы)
80 кг — Жібек Жарасқызы (дебют)
+80 кг — Валерия Аксенова (дебют).