Бокстан Өзбекстан құрамасы World Boxing ұйымы аясында өтетін 2026 жылғы Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын құрамын жариялады. Турнир 16–27 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өзбекстан құрамасы:
• +90 кг — Жахонгир Зокиров;
• 48 кг — Фарзона Фозилова;
• 51 кг — Феруза Казакова;
• 65 кг — Навбахор Хамидова;
• Бапкер — Эльшод Расулов.
Айта кетейік, 2026 жылғы бокстан Әлем кубогы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезең Қытайдың Гуйян қаласында (15–20 маусым) өтсе, үшінші кезең 25 қараша – 2 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) ұйымдастырылады.
Жарнама