Бокс
6 мамыр 15:43
 

"Қазақ екендеріңді ысырып қоясыңдар ма?". Нұрсұлтанов титул үшін Әлімханұлымен айқасуға дайын

  Пікірлер

blog.share

"Қазақ екендеріңді ысырып қоясыңдар ма?". Нұрсұлтанов титул үшін Әлімханұлымен айқасуға дайын ©instagram.com/meiirim.nursultanov/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) осы дивизионда WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) осы дивизионда WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бәріміз осы жерде чемпион болу үшін жүрміз ғой негізі. Чемпион болуға келдік. Егер қарсылас болып келсе, дайынбыз шығуға. Оның үстіне, чемпион болсаң, ары қарай абсолют чемпион болғың келеді ғой. Неге шықпасқа? Қазақпыз ғой дегенді сырып қоймаймыз ба дегенде, ол біздің бокстың көтерілгені деп ойлаймын. Бір салмақта қаншама боксшы бар, қанша ел бар, соның арасынан екі қазақ абсолютқа шығып жатса. Атақ бәрібір бір қазақта қалады да", – деді Нұрсұлтанов YouTube-тағы "Бірінші Бол" арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Мейірім АҚШ-қа кіруге тыйым салынғанын және титулдық жекпе-жекті Қазақстанға алып келгісі келетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуге міндеттеген.

Сонымен қатар, Әлімханұлы да Адамеспен үш титул үшін жекпе-жек ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!