Бокс
6 мамыр 10:11
 

WBC чемпионымен айқасуы тиіс қазақ боксшыны АҚШ-қа кіргізбей жатыр

  Пікірлер

blog.share

WBC чемпионымен айқасуы тиіс қазақ боксшыны АҚШ-қа кіргізбей жатыр ©instagram.com/adal_promotions

Орта ссалмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) Америкаға виза ала ламай жүргенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Орта ссалмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) Америкаға виза ала ламай жүргенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Нұрсұлтанов орта дивизионда WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) міндетті қарсылас.

- Америкада жүргенімде жылына бір жекпе-жек өткізіп отырдым. Сосын Қазақстанға келдім.

- Америкаға қайта бару жоспарда бар ма?

- Бар, бірақ, виза болмай тұр.

- Әлі ала алмай жүрсің ба? 

"Құжаттарымды екі рет тапсырдым, екі рет кері қайтарды. Қазір сол елшілікте бір таныс адам жұмыс істейді, тағы бір рет құжат тапсырып көрмекпін. Жоспар - Америкаға барып, сол жақта жаттығу. Шақырту қағазы болған, бірақ АҚШ-та маған: "Себебін айта алмаймыз" деп виза бермей, төлқұжатымды қайтарып берді", — дейді Нұрсұлтанов "Бірінші Бол" YouTube арнасында.


Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов 2023 жылдың қарашасынан бері рингке шықпаған. Соңғы жекпе-жегі Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті, онда ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 KO) бір ауыздан шешіммен жеңген болатын. 2024 жылдың шілдесінде қайта оралмақ болғанымен, сол кездегі жекпе-жек өтпей қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!