Бокс
Бүгін 11:36
 

Канело соңғы жекпе-жегінен кейін карьрасына қатысты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

Канело соңғы жекпе-жегінен кейін карьрасына қатысты шешім қабылдады ©ЖИ

Екінші орта салмақтағы WBC чемпионы, мексикалық Сауль Канело Альварес (64-3-2, 39 KO) Сауд Арабиясының функционері әрі промоутері Турки Әл аш-Шейхпен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақтағы WBC чемпионы, мексикалық Сауль Канело Альварес (64-3-2, 39 KO) Сауд Арабиясының функционері әрі промоутері Турки Әл аш-Шейхпен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Канело Әл аш-Шейхпен ынтымақтастығын жалғастырады

Боксшының бапкері Эдди Рейносоның айтуынша, мексикалық боксшысы Сауд Арабиясының өкілімен ынтымақтастығын жалғастыруға мүдделі және онымен карьерасының келесі кезеңіне қатысты жоспарын талқылап қойған.

"Наурыздағы жекпе-жек келісімшарт бойынша соңғысы болады, бірақ, біз оны ұзартуды жоспарлап отырмыз. Саульдің алға қойған өте жақсы жоспары бар. Ол Туркимен сөйлесіп қойды, екеуінің де оның карьерасын жалғастыруға қатысты ауқымды жоспарлары бар", - деді Рейносо La Afición басылымына берген сұхбатында.

Альварес жеңісті жолына қайта оралды

Еске салайық, 31 қазанда Альварес Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде франциялық Кристиан Мбиллиді (29-1-1, 24 KO) жеңді. Осы жеңісінің арқасында мексикалық екінші орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлы мен Канело Альварес жекпе-жегінде кім жеңетіні айтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!