Америкалық бокс сарапшысы Патрик Стумберг қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) екінші орта салмақтағы WBC чемпионы, мексикалық Сауль Канело Альвареске (64-3-2, 39 KO) қарсы жекпе-жектегі мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сарапшы Әлімханұлы мен Канелоның мүмкіндігін салыстырды
Стумбергтің пікірінше, қазақстандық боксшының мексикалыққа қиындық тудыруға қажетті техникалық шеберлігі мен физикасы жеткілікті. Дегенмен америкалық сарапшы бәрібір Альваресті фаворит санайды.
"Канелоның әбден жүйеленген жекпе-жек мәнеріндегі осал тұстарды табуға Әлімханұлының қажетті техникалық базасы, сондай-ақ сол мүмкіндіктерді пайдалануға жететін физикасы бар. Соған қарамастан, мен оның кез келген ықтимал қарсыласына қарсы жекпе-жекте Канелоға басымдық берер едім", - деп жазды Стумберг Bad Left Hook басылымында.
Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр
1 қарашада Альварес франциялық боксшы Кристиан Мбиллиді (29-1-1, 24 KO) жеңіп, екінші орта салмақтағы WBC чемпионы атағын иеленді.
Ал келесі жылдың қаңтарында Әлімханұлы осы салмақтағы WBO белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі тиіс. Қазақстандық боксшының қарсыласы жеңіліп көрмеген даниялық Якоб Бэнкс (20-0, 11 KO) болады.
Жарнама