auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" чемпиондық титулынан айырылғаннан кейін келесі қарсыласын таңдады

"Канело" чемпиондық титулынан айырылғаннан кейін келесі қарсыласын таңдады
© caneloteam.com
Екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегі бойынша бір шешімге келген сияқты.

Рингке Альварес 14 қыркүйекте оралып, қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізеді деп күтілген еді. Алайда мексикалық GGG-мен қайта жұдырықтасудан бас тартты.

Альварес қыркүйектегі жекпе-жегіне жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 KO) жұдырықтасу бойынша келіссөздер бастаған, дегенмен, тараптар келісе алмады. Осылайша, ресейлік 24 тамызда міндетті қарсылас Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) жұдырықтасады, ал мексикалық рингке оралуын жыл соңына шегеріп тастады. 

Golden Boy президенті "Канеломен" арадағы жанжал туралы шындықты айтты

Инсайдер Лэнс Пайгмайердің (The Athletic) ақпаратынша, Альварес әлі де Ковалевпен жұдырықтасуға ниетті. Мексикалық оның Ярдпен жекпе-жегінің өтуін күтпек. Ресейлік таза жеңіске жетсе, "Канело" онымен қарашада жұдырықтаса алады, ал жекпе-жек DAZN платформасында таратылады.

Айта кетейік, "Канелоға" қарсылас ретінде Ковалевті де, Головкинді де DAZN мақұлдаған. Бірақ мексикалық Головкинді жақтырмайтындықтан онымен қайта кездескісі келмейді - 2017 қыркүйекте боксшылар тең түскен, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімімен жеңді.

Альварес чемпиондық белбеуден айырылып, Головкинге жол ашты
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама