auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Golden Boy президенті "Канеломен" арадағы жанжал туралы шындықты айтты

Golden Boy президенті "Канеломен" арадағы жанжал туралы шындықты айтты
Альварес, Гомес және Де Ла Хойя. Сурет: infragantimagazine.com
Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес басты жұлдыздары - мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) арадағы кикілжің туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Жақында "Канело" мен GBP негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойяның қарым-қатынасы күрт бұзылды деген қауесет тараған еді. Атап айтқанда, Альварес промоутерлік компанияның өзіне еш хабарламастан DAZN стриминг қызметіне қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке уәде бергеніне наразы. Осылайша, GBP мексикалықтың қарсыластар қатарын шектеген. 1 тамызда Альварес орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылды. Бұл кезде де промоутерлер оның келісімінсіз жекпе-жек өткізуге уәде еткен көрінеді.

"Оскар және мен дүйсенбіде "Канеломен" телефон арқылы сөйлестік. Бізде бәрі жақсы. Осыған байланысты жалған әңгімелер мен кері ақпарат тарап жатыр. Біз "Канело", оның командасы және DAZN-мен келесі жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Ешқандай қиындық жоқ. Адамдар өсекті жақсы көреді, ал айнала жөнсіз ақпаратқа толы. Ол бізден кетіп қалса, ауыр болар ма еді? Әрине, өйткені бокста "Канело" сияқты адам жоқ. Мэнни Пакьяоның кетуі Top Rank-қа зиян келтірді ме? Әлбетте, бірақ, олар бұдан құрып кеткен жоқ. Өздерін ретке келтіріп, әлі жұмысын жүргізіп жатыр. 

Бірақ біз мұндай жағдайда емеспіз. Осы өсектің бәрі қайдан шығатыны қызық. Бұл жалған", - дейді Гомес Yahoo! Sports порталына берген сұхбатында.

Сонымен бірге, ол "Канело" мен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты. Гоместің сөзінше, Альварес мұндайдан ешқашан бас тартқөан емес.

"Өзінен де сұрасаңыздар болады. Егер бұл жанкүйерлер мен журналистер қалайтын жекпе-жек болса, жұдырықтасуға дайын екенін сан рет айтқан", - деп атап өтті ол. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама