Бокс
12 наурыз 09:16

Жеңілмеген қазақ боксшы WBC рейтингінің шыңына шықты: енді чемпиондық айқас

©instagram/adal_promotions

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта да өзгерістер болып, үшінші сатыдағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға шықты.

Одан кейін британиялықтар Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) бен Крис Юбенк (34-3, 25 КО) тұр. 

Мұның алдында WBC ұйымның орта дивизионындағы чемпион доминиканалық Карлос Адаместі (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановқа қарсы жепке-жек өткізуді міндеттеген. Алайда чемпион бұл айқастан сытылып кететін амал тапқан сияқты

Қазақ боксшы рингке ұзақтан бері шықпады

Мейірім Нұрсұлтанов кейінгі рет 2023 жылы қарашада жұдырықтасып, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) жеңген еді. Одан кейін 2024 жылы шілдеде рингке шығу керек болған, бірақ, ол кездесу өтпей қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport