Бокс
Бүгін 14:52

Бүгін Азия чемпионатында екі қазақстандық боксшы жарыстан шығып қалды

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Марал Үндістан боксшысы Джойшири Деви Широммен қолғап түйістірді.

Марал Төлепберген тәжірибелі қарсыласына лайықты қарсылық көрсетіп, шабуылға шабуылмен жауап беруге тырысты. Алайда үндістандық боксшының дәл соққылары басым болып, жекпе-жек тізгінін өз қолына алды.

Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Джойшири Деви Широмның жеңісін тіркеді.

Осылайша, үндістандық боксшы жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлде алып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Мәдира Жұмқан жартылай финалға өтіп, кемінде қола жүлдеге жетті. Ал 51 келідегі Жадыра Қалтай ширек финалдық кезеңнен аса алмады.

Бүгін, 9 шілдеде Қазақстан құрамасының тағы үш боксшысы кешкі сессияда шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport