| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 13:46
 

Қазақ боксшының жүлде үшін айқасы нокаутпен бітті

  Пікірлер

blog.share

Қазақ боксшының жүлде үшін айқасы нокаутпен бітті ©Depositphotos/DmitryNiko

Қазақстандық боксшы Мәдира Жұмқан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Мәдира Жұмқан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың бесінші күнінде қазақстандық былғары қолғап шебері 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Вьетнам боксшысі Зи Хонг Иен Нгуенмен кездесті.

Алғашқы екі раунд тартысты өтті. Алайда шешуші үшінші раундта Мәдира айқын басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Мәдира Жұмқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

Айта кетейік, бүгін, 9 шілдеде Қазақстан құрамасы сапынан тағы бес боксшы қыз шаршы алаңға шығады.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!