Бокс
Бүгін 09:49

Ауыр салмақтағы қазақ боксшының ӘЧ-дегі айқасы 5:0 болып бітті

©Depositphotos/galkin57

Қазақстандық Еркетаң Жарқынбек Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан U-19 әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда ол мексикалық Рамиро Нуньесті 5:0 есебімен таза жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан үшін жарыстың алтыншы күні сәтсіз басталды: Айсұлу Мұхит (65 келі) нидерландтық Зое Вогелстен жеңіліп қалды. Алайда Камила Оспанова (70 келі) хорватиялық Лорена Хорватты техникалық нокаутпен жеңіп, одан бұрынғы жеңілісі үшін қарымтасын қайтарды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport