Бокс
Бүгін 09:05
 

Қазақстандық боксшы ӘЧ-дегі жарысын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық боксшы ӘЧ-дегі жарысын аяқтады ©Depositphotos/DmitryNiko

Қазақстандық Айсұлу Мұхит Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан U-19 әлем чемпионатында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Айсұлу Мұхит Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан U-19 әлем чемпионатында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол нидерландтық Зое Вогелспен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл осы турнирдегі Қазақстан құрамасынан әзірге бірінші жеңіліс болды. 

World Boxing ұйымы өткізіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады. Жарыста 69 елден келген 474 спортшы ерлер мен әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінің әрқайсысында жүлде үшін бақ сынап жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!