Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 15 жасқа дейінгі қыздар арасындағы финалдық жекпе-жектер аяқталды. Турнирдің осы кезеңінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында үш тартысты кездесу өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Аруна Шалман өзбекстандық Бахора Махмуджоновамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен (1:4) жеңіліп қалды.
Ал Нұргүл Сахи (67 келі) отандасы үшін есе қайтарып, ринг қожайыны Шахона Мулложонованы 4:1 есебімен жеңді.
Өкінішке қарай, Көркем Ғалым (70 келі) тағы бір өзбекстандық спортшы Захро Даниёроваға есе жіберді. Жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.
Бұған дейін Самал Төлепберген қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, Қазақстан құрамасына Азия чемпионаты-2026 турниріндегі алғашқы алтынды сыйлаған еді.
Жарнама