Қазақстандық боксшы Самал Төлепберген Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі U15 санатының финалында қазақстандық спортшы Қырғызстан өкілі Аруузат Маликовамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Самал Төлепберген қарсыласын алғашқы минутта нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия чемпионаты-2026 турнирінің алтынын жеңіп алды.
Бұған дейін Нұржанат Бекназар (37 келі) үндістандық боксшыға 0:5 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдегері атанған еді.
Жарнама