Азиада
Бүгін 15:48

Қазақстандық әлем чемпионы Азиададағы бірінші айқасында-ақ жеңіліп қалды

©

Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан бірінші боксшы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ерлер арасындағы жарыста Сабыржан Аққалықов өнер көрсетті. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында оның қарсыласы Оңтүстік Корея боксшысы Минсон Ким болды.

Алғашқы раунд қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Алайда камбэк жасаған Ким кейінгі екі раундта басым түсті де, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Аққалықов - IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алған.

2026 жылғы Азия ойындарында өнер көрсететін өзге қазақстандық боксшылардың қарсыластарымен мына жерден танысуға болады.

Жазғы Азия ойындары Айти мен Нагояда өтіп жатыр. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанда аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport