2026 жылғы Азия ойындарындағы жеребе қорытындысы бойынша Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұрымдылар:
51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова жарысты 1/8 финалдан бастайды. Оның қарсыласы Сакши Чаудхари (Үндістан) мен Айра Вильегас (Филиппин) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады.
54 келіге дейін: Назым Қызайбай 1/8 финалда қытайлық Сюй Чжаомен кездеседі.
60 келіге дейін: Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегін Линь Юй-Тинге (Қытай Тайбэйі) қарсы өткізеді.
65 келіге дейін: Аида Әбікеева жарысты 1/4 финалдан бастайды. Оның қарсыласы Кусум Таманг (Непал) пен Ли Шу (Қытай) арасындағы жұптың жеңімпазы болады.
75 келіге дейін: Наталья Богданова 1/4 финалда өзбекстандық Азиза Зокировамен кездеседі.
Ерлер:
55 келіге дейін: Махмұт Сабырхан 1/8 финалда Мехди Каземи (Иран) - Чон Рионг Со (Солтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда Джун Лин (Қытай Тайбэйі) - Дон Джанг (Оңтүстік Корея) жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы шығады.
70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан 1/8 финалда Дук Нгок Нгуиен (Вьетнам) - Мохаммед Дбичи (Катар) жұбының жеңімпазын күтеді.
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда оңтүстіккореялық Минсеонг Киммен жұдырықтасады.
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай 1/8 финалда ауғанстандық Мохаммед Нууриге қарсы шаршы алаңға шығады.
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай жарысты 1/4 финалдан бастайды. Оның қарсыласы Мырзакир Қошалиев (Қырғызстан) - Довлет Исламов (Түрікменстан) жекпе-жегінің жеңімпазы болады.
Айта кетейік, жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти - Нагоя аймағында өтіп жатыр. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.
Жарнама