Бүгін, 23 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокс жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан атынан ерлер арасындағы жарыста Сабыржан Аққалықов өнер көрсетеді. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол Оңтүстік Корея боксшысы Минсон Киммен кездеседі.
Жекпе-жекті Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Аққалықов - IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.
2026 жылғы Азия ойындарында өнер көрсететін өзге қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластарымен мына жерден танысуға болады.
Еске салайық, жазғы Азия ойындары Айти мен Нагояда өтіп жатыр. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанда аяқталады.