Олжас Сәттібаев - нағыз капитан!
Сурет astanaarlans.kz сайтынан
Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы маусымында "Астана арландары" боксшыларын капитан ретінде Олжас Сәттібаев сайланды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Әуесқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген былғары қолғап шебері "Астана арландары" командасында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2015 жылы "арландар" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды. Былтыр наурыз айында Қытайда өткен Олимпиада ойындарының іріктеу турнирінде қола жүлдеге ие болып, төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алды.
Жалпы Олжас WSB жобасына қатыса жүріп, мол тәжірибе жинады. Бұрынғыдан да ширыға түсті. 2015 жылы Азия құрлығында өзіне тең келер қарсылас жоқ екенін дәлелдеді. Рио-де-Жанейро олимпиадасында төрешілердің әділетсізідігінің кесірінен жарыс жолынан шықпағанда Олжастың Олимпиада ойындарында кемінде жүлде алатындай мүмкіндігі бар еді.
Жыл басында Олжастың ұлттық құрамадан кеткені жайлы сөз болған. Алайда, ол өзі жақында "Vesti.kz" порталының тілшісіне сұхбат беріп, ұлттық құрамадан толыққанды кетпегенін мәлімдеді. Расымен де, "Астана арландары" сапына қосылған былғары қолғап шеберлерін ұлттық құрамадан кетті деуіміз дұрыс емес шығар. Өйткені, "арландар" мен ұлттық құраманың боксшылары соңғы уақытта бір тудың астынан табылып, ел намысы сынға түскен сәтте бір-бірлеріне көмектерін аямайды. Мәселен, былтыр ғана Олимпиада чемпионы атанған Данияр Елеусінов, Олимпиада жүлдегерлері Василий Левит, Иван Дычко сияқты боксшыларымыз қос майданда да бақтарын сынап, жанүйерлерін жарқын жеңістерімен қуантқаны әлі есімізде. Тіпті Василий Левиттің өзі Олимпиада ойындарының жолдамасын дәл осы "Астана арландары" сапында жүріп жеңіп алды емес пе?!
"Астана арландарының" биылғы маусымында капитандық міндетті алған Олжас бұл атаққа әбден лайық. Ұлттық құрамада біраз жыл тер төккен тәжірибелі боксшы жауапкершіліктің қандай болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан, Олжасқа таңдау бекер түспеді.
Олжастың жетістіктері:
· Жасөспірімдер (кадеттер) арасындағы әлем чемпионы. Ұлыбритния-2005.
· Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Марокко-2006.
· Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қытай-2009.
· Әскерилер арасындағы әлем чемпионы. Алматы-2014.
· ҚР Бокс федерациясы кубогының иегері.
· WSB чемпионы. Астана-2015.
· Азия чемпионы. Таиланд-2015.
· ҚР үш дүркін чемпионы. Қазақстан-2008, 2009, 2014.
· Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама берілетін "А" дәрежесіндегі турнирдің қола жүлдегері және 2016 жылғы жазғы Олимпиада жолдамасының иегері.Қытай-2016.
Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Жарнама