Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Болжамдар бәйгесі Конкурс "Дрим Тим" Табло ТВ-расписание ЧМ-2018 по футболу
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мен ұлттық құрамадан кеткен жоқпын - Олжас Сәттібаев

Сәттібаев ұлттық құрамадан кетпейтінін мәлімдеді.

©Өмірбек Сансызбаев
0 пікір
677
26 қаңтар 2017 12:04
Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Vesti.kz порталының тілшісіне  берген сұхбатында жанкүйерлер көкейінде жүрген кей сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ұлттық құрамадан кеткені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын да айта кетті.

- Олжас осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық құрамадан кеткенің туралы жазылды. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды?

-  Бұл ақпараттарды шындыққа теңей алмаймын. Ұлттық құрамадан кеткен жоқпын. Рас, Олимпиададан кейін тынықтым. Жаттықтырушыларыммен кеңесе келе Қазақстан чемпионатына қатыспадым. Отбасыма көңіл бөлдім. Қазір "Astana Arlans" сапына қайта оралып, болашаққа зор жоспарлар қойып отырмын. Осы команда сапында бар өнерімді жақсы жағынан көрсетемін деген сенімдемін. Ал ұлттық құрамадан кету туралы айтпағанмын.

- Қазір кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген, біржола бет бұрып жатқан боксшыларымыз жетерлік. Бәлкім, алдағы уақытта кәсіпқой боксқа ауысу жоспарыңда бар ма?

- Кәсіпқой боксқа ауысу ойда бар. Қазір көп боксшыларымыз осы жолды таңдап жатыр. "Astana Arlans" сапында болған Мадияр Әшкеев, Асхат Уалиханов, Мейірім Нұрсұлтанов барлығы қазір Майамиде, Лос-Анджелесте жаттығып, алғашқы қадамдарын жасауда. Олармен хабарласып, кәсіпқой бокстың қыр-сырын сұрап тұрамын. Шақырады да. Болашақта көреміз. Еліміздің намысы үшін неге жұдырытаспасқа?!

- Ұлттық құрама сапында Олимпиада ойындарына қатысу көп жылдан бергі арманың еді. Риода ел намысын қорғадың. Жанкүйерлер әзірбайжандық боксшыға қарсы жекпе-жекте сені жеңілді деп санамайды. Өзің бұл туралы не айтасың?

- Әрине, Олимпиада ойындары балалық шақтан бергі арманым еді. Әкемнің де арманы болатын. Боксқа жетектеп әкелген – әкем. Теледидардан боксшыларымыздың жекпе-жектерін көрсететін. Содан Олимпиадаға қатысамын деп мақсат қойдым. Ол мақсатыма жеттім де. Ол сезімді де сездім. Әрине, бұл – спорт. Сәтсіздіктер болады. Риода кімнің жеңгенін, кімнің жеңілгенін жанкүйерлер көрді. Осыған дейін Олимпиадаға бару мақсатым болып келсе, енді медаль алу үшін барамын. Денсаулық болса, уақыт көрсетер.

- Қазақта "әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" деген мақал бар. Жұбайыңыз да боксшы екен. Болашақта ұл-қыздарыңыздың да бокспен шұғылданғанын қалайсыз ба?

- Жұбайым бокстан Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Қазір біз екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмыз. Найла есімді қызым 5-те, ұлым Дінмұхамед 4 жаста. Үшінші перзентімнің есімі – Кәусар. Балаларым спортпен шұғылданса қарсы болмаймын. Қазірдің өзінде бойларынан спортқа бейімдігін байқаймын. Қызымызды гимнастика үйірмесіне бердік. Бокста көрдік, енді гимнастикадан да қазақтың қызы абыройымызды асырса дейміз.

- Капитан болу (Олжас – "Astana Arlans" капитаны) қосымша жауапкершілік те жүктейді. Командаластарыңызды қалай рухтандырасыз?

- Командада тәжірибелі боксшылар жетерлік. Әрине, капитан болу ойламаған жерден ұсынылды. Ол үшін қуаныштымын. Үлкен жауапкершілікті жүктейді. Барлығының да жеңіске деген жігері жоғары. Жігіттерге сенемін. Ең бірінші тәртіпке бас июге шақырамын. "Тәртіпке бас иген құл болмайды" - дейді ғой Бауыржан атамыз. Бірінші тәртіпке бас исе, одан кейін жеңіс те, жетістік те болады деп ойлаймын.

Айта кетейік, Олжас Сәттібаев 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысты. 2015 жылғы Азия чемпионы. Бүкіләлемдік бокс сериясының V маусымында (2015) "арландардың" құрамында чемпион атанған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
677
26 қаңтар 2017 12:04
Новости