Зарина Дияс "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымынан аса алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Дияс турнирдің бірінші айналымда латвиялық Анастасия Севастовамен кездесіп, ұтылды. Бір сағат он минутқа жалғасқан кездесуде 4;6, 1:6 есебі тіркелді. 

Еске салайық, бұған дейін "Уимблдон" турнирінде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева өнер көрсетіп, Болгария елінің өкілі Цветана Пирокованы жеңді.  

 

Метки: