Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дияс турнирдің бірінші айналымда латвиялық Анастасия Севастовамен кездесіп, ұтылды. Бір сағат он минутқа жалғасқан кездесуде 4;6, 1:6 есебі тіркелді.
Еске салайық, бұған дейін "Уимблдон" турнирінде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева өнер көрсетіп, Болгария елінің өкілі Цветана Пирокованы жеңді.