Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Тайвэйде өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің екінші кезеңінен өте алмады. Отандасымыз жарыстағы екінші ойынында румын Моника Никулескуге есе жіберді.
2 сағат 3 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен Моника жеңіске жетті. Бірінші сетте Зарина бірде-бір геймде қарсыласын жеңе алған жоқ. 6:0 есебімен ұтылды. Екінші сетте Зарина қарсыласын 6:1 есебімен ұтты. Үшінші сетте 6:4 есебімен қарсыласына жол берді.
Зарина Дияс бірінші айналымда ресейлік теннисші Анна Блинкованы ұтқан болатын.
Айта кетейік, Тайвэйдегі халықаралық турнирдің жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.

Жарнама