Зарина Дияс Штутгарттағы турнирдің екінші кезеңіне шықты
ktf.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Штутгарттағы WTA турнирінің екінші айналымына жолдама алды, — деп жазады Vesti.kz порталы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс Германия елінде өтіп жатқан Штутгарттағы турнирдің екінші кезеңіне шықты. Отандасымыз жүлде қоры 816 000 АҚШ долларын құрайтын доданың алғашқы айналымында жергілікті спортшы Анну Габриэльді 6:3; 6:1 есебімен мысын басып, екінші айналымға жолдама алды. Зарина екінші кезеңді эстониялық Кайя Канепиға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Зарина Дияс Майамиде (АҚШ) өткен халықаралық турнирдің 1/8 финалында шығып, әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын Каролина Плишковаға қарсы ойында жарақат алып, ойынды жарты жолдан тоқтатқан болатын.

Жарнама