WTA
3 маусым 2021 22:08

Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымынан аса алмады

Сурет: WTA

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Франция жерінде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің екінші айналымында отандасымыз бельгиялық Элисе Мертенспен кездесті. 2 сағат 29 минутқа жалғасқан бұл кездесуде отандасымыз 6:4, 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Енді келесі айналымда грекиялық Мария Саккариге қарсы ойнайық. 

Айта кетейік, "Ролан Гаррос" турнирінде енді бір ғана қазақстандық теннисші қалды. Ол Елена Рыбакина.