Зарина Дияс Мельбурндегі турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасынан жеңіліп қалды

Зарина Дияс. Сурет: Eurosport
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мельбурнде өтіп жатқан WTA 250 Phillip Island Trophy турнирінің ширек финалына шыға алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің 1/8 финалында отандасымыз әлемнің тоғызыншы ракеткасы, канадалық Бьянка Андеерскумен кездесті. Қазақстандық теннисші бірінші сетті 1:6 есебімен жеңілді. Кейін ойынды жалғастырудан бас тартты. Бірінші партия 27-минутқа жалғасты. 

Енді келесі айналымда Андеерску румын қызы Ирина-Камилия Бегумен кездеседі. 

Метки: