WTA
16 шілде 2021 16:56

Зарина Дияс Лозаннадағы турнирдің ширек финалына шықты

Зарина Дияс. Сурет: ktf.kz©

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Лозанна қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз италиялық Камила Джорджиді 6:4, 6:4 есебімен жеңді. 

Ойын 1 сағат 32 минутқа жалғасты. Матч барысында Дияс бес эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде екі рет қателесті. Ал Камило екі эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде бес рет қателікке бой алдырды. 

Енді Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін Каролин Гарсия (Франция) - Астра Шарма (Аустралия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

Еске салайық, қазақстандық теннисші бұған дейін Олимпиада ойындарының лизенциясын алған болатын.