Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Лозаннада (Швейцраия) WTA санатындағы турнирдің бірінші айналымынан сәтті өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз бірінші айналымда швейцариялық Симана Вальтертпен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа жалғасты. Ойын барысында Дияс бір эйс жасап, екі рет допты ойынға қосу кезінде қателесті. Ал Симона төрт эйс жасап, бес рет допты ойынға қосу кезінде қателікке бой алдырды.
Айта кетейік, әлемдік рейтингте Дияс қазір 102 сатыда болса, Вальтерт 235-орынға жайғасқан.