Зарина Дияс карьерасындағы оныншы титулды жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгта жүлде қоры 25 мың доллар болған ITF сериясының турнирінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемдік рейтингте 77-орында тұрған Дияс финалда әлемнің 72-ракеткасы қытайлық Чжу Линьді 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Екеуі осымен төртінші рет кездескен, 3-1 есебімен қазақстандық теннисші қыз алда келеді.

Дияс үшін бұл спорттық мансабындағы оныншы титул. Оның тоғызы - ITF сериясының турнирлері тек біреуі ғана - WTA International (Токио 2017 жыл).
Метки: