WTA
21 қыркүйек 2020 17:34

Зарина Дияс қаңтар айынан бері бірінші жеңісіне қол жеткізді

Зарина Дияс. Сурет: instagram.com/zarinadiyas
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Францияның Страсбург қаласында өткен WTA турнирін сәтті бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Бірінші айналымда Дияс америкалық Кристина Макхэйлмен кездесіп, үш сеттің қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп 6:7 (4:7), 7:5, 7:6 (7:3).

Бұл отандасымыздың қаңтар айынан бергі бірінші жеңісі еді. Ол жеті жеңілістен кейін барып жеңіске жетті.