Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс Токиода өтіп жатқан Japan Women's Open Tennis турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жартылай финалда Дияс америкалық Кристина Макхейлмен кездесті. Есеп - 6:4, 0:6, 6:3.
WTA рейтингінде америкалық Макхейл 62-ші орында, ал біздің отандасымыз 100-ші орында тұр.
Диястың қарсыласы хорватиялық Яна Фетт (WTA рейтингінде 123-ші орында) пен жапониялық Мию Като (№171) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске салайық, ширек финалда Зарина Дияс қазақстандық Юлия Путинцеваны 4:6, 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Токиода өтіп жатқан туринир Жапонияның ашық чемпионаты болып есептеледі. Жүлде қоры - 250 мың доллар. Айта кетейік, 2014 жылы осы жарыстың финалында австралиялық Сэм Стосурдан ұтылып қалған еді.

Жарнама