Юлия Путинцева US Open-2020 турнирінің екінші айналымына өтті

Юлия Путинцева. Сурет: regnum.ru©
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нью-Йорк қаласында басталған АҚШ-тың ашық біріншілігі US Open турнирінің екінші айналымына өтті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз америкалық Робин  Монтгомериден басым түсті. Есеп - 6:1, 6:3. Кездесу бір сағат алты минутқа жалғасты. 

Путинцеваның келесі қарсыласы Вера Лапко болады. Беларусь теннисшісі бірінші айналымда швейцариялық Виктория Голубичтен (1:6, 7:6, 6:2) есемен үстем түсті. Бұл ойын 2 қыркүйек күні өтеді. 







Метки: