Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нұр-Сұлтан қаласында өткен WTA Astana Open турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бүгін, 2 қазан күні өткен финалдық кездесуде ол бельгиялық Алисон ван Уйтванктан ұтылды.
Бұл екі қыз бесінші рет кездесті. Бұған дейінші төрт кездесуде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді. Алайда астанамызда аруымыздың жолы болмады.
2 сағат 20 минутқа созылған кездесу бельгиялықтың пайдасына аяқталды. Есеп - 6:1, 4:6, 3:6.