WTA
27 шілде 2020 18:21

Юлия Путинцева маусымды АҚШ-та жалғастырады

Сурет: WTA
Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Лексингтонда (Кентуки штаты) WTA турниріне қатысушылардың алғашқы тізіміне енді. 

Аталған турнир 10-16 тамыз аралығында өтеді. Юлия осы турнирге қатысатын 32 теннисшінің қатарына қосылуы әбден мүмкін. Сонымен қатар,"Үлкен Дулыға" - US Open турниріне дейін екі дайындық жарысы бар. Нью-Йорктегі турнир өтеді ме, жоқ па, әлі белгісіз. Ал Вашингтондағы бәсеке бұған дейін тоқтатылған болатын.

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Серена Уильямс, оның әпкесі Винус (67), америкалық Кори Гауфф (52), Слоун Стивенс (37), Аманда Анисимова (28), белорусь қыздары Виктория Азаренко (58) және Арина Соболенко (11) Лексингтон турниріне сөзсіз қатысады. Бұл теннисшілер жарысқа қатысатынын растады.

Бір қызығы, Путинцевадан бөлек, алдын-ала тізімге қазіргі уақытта Еуропада жүрген Зарина Дияс та енген. Бірақ ол АҚШ-қа бара ала ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Еуропадағы жетекші теннисшілер шетелге ұшуға қазірше асықпайды. Олар маусымды Палермо мен Прагадағы турнирлерде жалғастыруды жөн деп санайды. Чехия астанасында өтетін жарысқа қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдағы барлық WTA және ATP турнирлері өтпейтін болған еді.