Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.
Бірінші айналымда отандасымыз WTA рейтингісінде 41-орында тұрған америкалық Слоан Стивенсті жеңді.
Екі сағат он минутқа созылған кездесу 4:6, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.
Юлия екінші айналымда Алисон Ван Эйтванк (Бельгия) - Клара Бурель (Франция) жұбының жеңімпазымен жолығады.