Бірінші партияда Юлия Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды. Есеп 6:4 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді. Алайда Л. Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3.
Дегенмен Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды. Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен таласады.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/266610-tennisshi-putintseva-adelaida-turnirininh-ekinshi-aynalymyna-shyqty
© egemen.kz