Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады.
Тізімде алғашқы үштікте өзгерістер орын алмады. Көш басында – Эшли Барти (Австралия), екініші сатыда – Наоми Осака (Жапония) және үздік үштікті Симона Халеп (Румыния) қорытындылап тұр.
Қазақстандық бұрымды теннисшілерге келер болсақ, Елена Рыбакина 22-ші орнынды сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева бір сатыға төмендеп, 35-ші орынға түсті. Зарина Дияс болса 96-шы орыннан 93-ке көтерілді. Ал ұзақ үзілістен кейін қайта бабына келіп жатқан Ярослава Шведова бірден 232 сатыға жоғарлап, 433-ші орынға жайғасты.
Анна Данилина – 294-орында (-5), Гозаль Айнитдинова – 490-шы (-3) және Жібек Құламбаева – 581-ші (+13).