Ярослав Шведова спорттағы мансабын аяқтады

©ҚТФ

Қазақстанның ең титулды теннисшісі өз шешімін осыдан үш апта бұрын жариялаған еді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта теннистен Astana Open WTA 250 беделді турнирі өтіп жатқан Нұр-Сұлтанда Шаедованы "Сізге көп рақмет, 34 жастағы аты аңызға айналған спортшы" деп шығарып салды федерация.

Шведова өзінің мансабында Grand Slam турнирінің екі жұптық турнирінде жеңіске жетті (Уимблдон, 2010 US Open); WTA турнирлерінің 14-де жеңіске жетті (олардың біреуі жекелей сында), алты Үлкен дулыға (Grand Slam) турнирінің финалисі атанды. Жұптық есепте әлемдік рейтингте үшінші орынды иеленді. Ярослава - әлемдік тарихта "мэйджордың" негізгі тартысында "алтын сетке" қол жеткізген жалғыз теннисші. Бұл жеңіс 2012 жылғы  Уимблдон турнирінде Сара Эрраниге қарсы матчта бұйырған еді. Шведова Қазақстан құрамасында 13 жыл ойнады. Ол біздің республиканың атынан 2012, 2016, 2020 жылғы Олимпиадаларға қатысты.
Іс-шара кезінде Ярослава Қазақстан теннис федерациясына, көптен бергі қарсыластарына, отбасына және барлық жанкүйерлеріне алғысын білдіргенде көз жасын тыя алмады.

"Менің спорттық мансабым ұзақ және аса бай болды. Ең алдымен, мені тенниске әкелген және менің табысқа жетуіме, үйретуге, жақсы спортшы ретінде тәрбиелеуге бар күшін салған ата-анама алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, мені әрқашан қолдап, шабыттандыратын және әрқашан менің ең жақын, сүйікті және адал жанкүйерім болған сүйікті күйеуіме алғыс айтқым келеді. Әрине, мен Қазақстанның теннис федерациясына оның президенті Болат Жамитұлы Өтемұратовқа ерекше ризашылығымды білдіремін, ол маған қолдау көрсетті және сенді, мен Қазақстан намысын жыртып, талай табыстарға қол жеткізгенімді мақтан тұтамын.  Маған сеніп, қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме рахмет", - дейді Ярослава Шведова.

Сонымен бірге ол өзінің сүйікті спорт түрімен қоштасуға ниеті жоқ екенін және әйелдер құрамасының капитаны ретінде біздің елде теннистің дамуы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: