Ресейлік теннисші Яна Сизикова Францияның ашық біріншілігінде қасақана ұтылды деген айыппен Парижде тұтқынға алынды деп хабарлайды Le Parisien басылымы.
Ол отандасы Екатерина Александрова екеуі Roland Garros турнирінің 1/32 финалында австралиялық Сторм Сандерс пен Айла Томлянович жұбына 1:6, 1:6 есебімен ойсырай ұтылған.
Еске салсақ, Сизикова өткен жылдың қазан айында Tennis Integrity Unit (жемқорлыққа қарсы теннис ұйымы) мен француз полициясының келісілген ойындарға байланысты күдігіне іліккен.