Яна Сизикова "Roland Garros" турнирінде әдейі ұтылды деген айыппен қамауға алынды
сурет: imago
Ресейлік теннисші Яна Сизикова Францияның ашық біріншілігінде қасақана ұтылды деген айыппен Парижде тұтқынға алынды деп хабарлайды Le Parisien басылымы.
Ресейлік теннисші Яна Сизикова Францияның ашық біріншілігінде қасақана ұтылды деген айыппен Парижде тұтқынға алынды деп хабарлайды Le Parisien басылымы.
Ол отандасы Екатерина Александрова екеуі Roland Garros турнирінің 1/32 финалында австралиялық Сторм Сандерс пен Айла Томлянович жұбына 1:6, 1:6 есебімен ойсырай ұтылған.
Еске салсақ, Сизикова өткен жылдың қазан айында Tennis Integrity Unit (жемқорлыққа қарсы теннис ұйымы) мен француз полициясының келісілген ойындарға байланысты күдігіне іліккен.
Жарнама