Виктория Азаренко АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымында Рыбакинаның қарсыласы атанды

©Reuters

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ жерінде өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен кездеседі, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Азаренко бірінші айналымда аустралиялық Астра Шармамен кездесті. Бір сағат 43 минутқа созылған кездедесуде беларусиялық теннисші 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

Рыбакина болса бірінші айналымда бельгиялық Алисон Ван Уйтванктан айласын асырды. Есеп - 6:1, 7:5.

Айта кетейік, жұптық сында Рыбакина эстониялық Анетт Контавейтпен бірге 6:7, 2:6 есебімен америкалық София Кенин және Элисон Рискеден ұтылды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: