Америкалық теннисшілер Серена мен Винус Уильямс АҚШ-тың Лексингтон қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымында кездесетін болды. Апалы-сіңлілер турнирде бір жақта ойнайды. Олар бірінші айналымды сәтті аяқтады.
Винус Уильямс екінші айналымдағы кездесуде белоруссиялық Виктория Азаренконы 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңді. Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды. Әлемнің 67-ші ракеткасы Винус үш эйс жасап, бір қосарлы қате жіберді. Ал оның WTA рейтингінде 58-ші орында тұрған қарсыласы бір рет допты ауаға жіберіп, екі қосарлы қате жіберді.
Осыған дейін Серена Уильямс отандасы Бернардо Пераны үш сетте жеңген болатын. Кездесу 4:6, 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.
Лексингтон турнирі 10-16 тамыз аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры - 202 000 АҚШ доллары.