Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына өтті

©WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстың жүлде қоры 8,7 миллион долларды құрайды. 

1/8 финалда Елена америкалық Мэдисон Кизден айласын асырды. 1 сағат 24 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші 6:3 және 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

 Осылайша екінші теннисші арасындағы ойындар есебі теңесті: 2-2.

Жартылай финалға шығу үшін Елена грек қызы Мария Саккаримен ойнайды. Оған дейін дат спортшысы Клара Таусон мен америкалық Тейлор Таунсендті жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport