Ресейлік теннисші желіге киімсіз түскен суретін салып жіберді

Наурыз айында карьерасын уақытша тоқтатқан ресейлік теннисші қыз Софья Жук Instagram парақшасына киімсіз түскен суреттерін салып жіберді.

"Не үшін бұлай істеуге болмайды", - дегенге саятын пікір жазып, теннисші суретін жариялады.



20 жастағы ресейлік теннисші 2019 жылғы "Уимблдон" турнирінен кейін ойнаған жоқ. Ол қазір АҚШ-та екен. WTA рейтингінде 118-орынға дейін көтерілген. Ал Үлкен дулыға санатындағы турнирлерде Софья бірінші айналымнан аса алмаған. ITF деңгейінде алты турнирде топ жарған.

2015 жылы 15 жасында Жук жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен. Финалда ол отандасы Анна Блинковадан 7:5, 6:4 есебімен үстем түскен. Бұл жарыста ол қарсыластарына бірде-бір сет жеңілмеді.






 

Метки: