Путинцева АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Юлия Путинцева. Сурет: olympic.kz©
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Ликсингтон қаласында басталған WTA турнирін жеңіспен бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз турнирдің бірінші раундында  Австралия өкілі Айла Томляновичті 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Путинцева үшін бұл карантиннен кейінгі алғашқы матч.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы швейцариялық Хиль Белена Тайхманмен кездеседі.

Айта кетейік, бұл Путинцева үшін коронавирус індетінен кейінгі бірінші турнир. 


Метки: